7 Түнгі көрініске әлі де қарап тұрғанымда, төртінші аң көрінді. Ол өте қорқынышты, жан түршіктіретін, ерекше күшті еді. Оның үлкен темір тістері болды. Аң бәрін жалмап, қиратып, қалғанын аяқтарымен таптап жаншыды+. Ол өзіне дейінгі аңдардың ешқайсысына ұқсамады. Оның басында он мүйізі бар еді.