-
Аян 14:18—20Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
18 Құрбандық ошағы тұрған жақтан отқа билік ететін басқа бір періште шықты. Ол өткір орағы бар періштеге: “Өткір орағыңды салып, жердегі жүзім бұтасының шоқтарын жинап ал, өйткені жемісі пісіп тұр”+,— деп қатты дауыстады. 19 Періште орағын жерге сілтеп, ондағы жүзім бұтасын кесіп алып, Құдайдың қаһарын білдіретін жүзім сығатын үлкен орынға лақтырды+. 20 Жүзім қала сыртындағы шырын сығатын сол орында тапталып, одан тереңдігі аттың жүгеніне дейін, ал ұзындығы 300 шақырымдай* жерге жететін қан ағып шықты.
-