29 Исраил патшасы Пекахтың тұсында Ассирия патшасы Тиглатпаласар+ елге шабуыл жасап, Ион, Әбел-Бет-Мағақ+, Янұх, Кедеш+, Хасор, Ғалақат+, Ғалилеяны және бүкіл Нафталим жерін+ басып алып, тұрғындарын Ассирияға айдап әкетті+.
6 Хошияның билік құруының тоғызыншы жылы Ассирия патшасы Самарияны жаулап алды+. Ол Исраил халқын Ассирияға жер аударып+, оларды Халахқа, Ғозан өзенінің бойындағы Хаборға+ және мидиялықтардың қалаларына қоныстандырды+.