-
Ошия 1:10, 11Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
10 Әйтсе де Исраил халқының саны теңіз жағасындағы құм қиыршықтарындай көбейіп, өлшеуге де, санауға да келмейтін болады+. “Менің халқым емессіңдер”+ деп айтылған жерде оларға “тірі Құдайдың ұлдары”+ делінеді. 11 Яһуда мен Исраилдің адамдары бас қосып бірігеді+. Сөйтіп, өздеріне бір басшыны тағайындап, сол елден шығып кетеді. Ол күн Езрехел+ үшін ұлы күн болады.
-