Зәкәрия
11 Есіктеріңді аш, уа, Ливан!
Қарағайларыңды от жалмап қойсын.
2 Уа, арша, зар еңіре, өйткені қарағай құлады,
Зәулім ағаштар жойылды!
Уа, Башан емендері, зар еңіреңдер,
Себебі ну орман құрып жоқ болды!
3 Құлақ түріңдер! Бағушылар еңіреп жатыр,
Өйткені олардың даңқы өшті.
Құлақ түріңдер! Жас арыстандар ақырып жатыр,
Себебі Иордан бойындағы қалың тоғайлар жойылды.
4 Ехоба Құдайым былай дейді: “Сойылатын қойларды бақ+. 5 Сатып алғандар оларды сойып жатыр+, бірақ бұл үшін айыпталып жатқан жоқ. Ал қой сатушылар+ болса “Ехоба мадақталсын, біз байып алатын болдық” деп жүр. Бағушылары қойларды аямайды+”.
6 “Мен бұдан былай осы елдің тұрғындарына аяушылық танытпаймын,— дейді Ехоба.— Оларды бір-бірінің және патшаларының қолына беремін. Олар бұл елді ойрандайды, мен оларды бір-бірінің қолынан құтқармаймын”.
7 Уа, отардағы бейшаралар, мен сендер үшін сойылатын қойларды бақтым+. Қолыма екі таяқ алдым да, бірін Рақым деп, екіншісін Бірлік деп атап+, қой бағуға кірістім. 8 Бір айдың ішінде үш қойшыны қуып жібердім, өйткені оларға жаным төзбеді, олар да мені жек көрді. 9 Содан мен: “Бұдан былай сендерді бақпаймын. Өлетіндерің өліп, құритындарың құри беріңдер. Ал қалғандарың болса біріңнің етін бірің жалмай беріңдер”,— дедім. 10 Сөйтіп, Рақым деп аталатын таяғымды+ алып, сындырып тастадым. Осылай бүкіл халықпен жасасқан келісімімді бұздым. 11 Сонымен, келісім сол күні бұзылды. Сонда мені бақылап тұрған отардағы бейшаралар мұның Ехобаның сөзі екенін ұқты.
12 Сосын оларға: “Егер мақұл көрсеңдер, ақымды беріңдер, ал қаламасаңдар, бермей-ақ қойыңдар”,— дедім. Олар ақыма 30 күміс ақша өлшеп берді+.
13 Ехоба маған: “Олар мен үшін белгілеген “керемет жоғары” бағаны алып, қазынаға лақтыр”,— деді+. Мен 30 күміс ақшаны алып, Ехобаның үйіндегі қазынаға тастадым+.
14 Сосын Бірлік деп аталатын екінші таяқты+ сындырдым, осылай Яһуда мен Исраилдің арасындағы ағайындық байланысты үздім+.
15 Ехоба маған: “Енді жаман бағушының құрал-сайманын ал+. 16 Мен елге бір бағушыны жіберемін. Ол өлейін деп жатқан қойлардың қамын ойламайды+, қозыларды іздемейді, жарақаттанғандарын емдемейді+, сауларына да азық бермейді. Қайта, семіздерінің етін жалмайды+, тұяқтарын жұлып алады+.
17 Отарды тастап кеткен+ жаман бағушы қасіретке қалады+!
Семсер оның қолы мен оң көзін жарақаттайды,
Сонда қолы семіп, оң көзі тас соқыр болып қалады”.