-
Марқа 1:29—34Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
29 Мәжілісханадан шығып, олар Жақыппен және Жоханмен бірге Шимон мен Әндірдің үйіне барды+. 30 Шимонның қайын енесі+ ыстығы көтеріліп, ауырып жатыр екен. Олар мұны дереу Исаға айтты. 31 Иса әйелдің қасына барып, қолынан ұстап тұрғызды. Сонда оның ыстығы басылып, оларға ас әзірлей бастады.
32 Күн батып, кеш түскенде жұрт науқас және жын буған адамдардың бәрін Исаға әкеле бастады+. 33 Бүкіл қала есік алдына жиналды. 34 Ол түрлі аурумен келген талай науқасты айықтырды+ және көп жынды қуып шығарды. Бірақ оларға сөйлеуге тыйым салды, өйткені жындар оның Мәсіх екенін білетін*.
-
-
Лұқа 4:38—41Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
38 Мәжілісханадан шыққан соң, ол Шимонның үйіне барды. Шимонның қайын енесі ыстығы қатты көтеріліп, ауырып жатыр екен. Сондықтан олар Исадан көмектесуін сұрады+. 39 Иса әйелдің жанына келді де, оның ыстығын басып, сауықтырып жіберді. Сол заматта әйел орнынан тұрып, оларға ас әзірлей бастады.
40 Күн бата жұрт әртүрлі дертке шалдыққан адамдарын әкелді. Иса олардың әрқайсысының үстіне қолын қойып, сауықтырды+. 41 Сондай-ақ көп адамның бойынан жындар: “Сен Құдайдың Ұлысың!”— деп айғайлап шығып жатты+. Бірақ Иса оларға сөйлеуге тыйым салды+, өйткені жындар оның Мәсіх екенін білетін+.
-