-
Лұқа 11:29—32Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
29 Айналасына көп жұрт жиналғанда, Иса былай деп сөзін бастады: “Осы ұрпақ — зұлым ұрпақ. Ол белгі көрсетілгенін қалайды, бірақ оған Жүніс пайғамбардың белгісінен басқа белгі көрсетілмейді+. 30 Жүніс+ ниневиялықтар үшін белгі болғанындай, Адам Ұлы да осы ұрпақ үшін белгі болады. 31 Сот күні оңтүстік патшайымы+ осы ұрпақтың адамдарымен бірге қайта тіріліп, оларды айыптайды. Өйткені ол Сүлейменнің дана сөздерін тыңдау үшін жердің қиыр шетінен келген еді. Бірақ мұнда Сүлейменнен де зор біреу бар+. 32 Сот күні ниневиялықтар осы ұрпақпен бірге қайта тіріліп, оны айыптайды. Өйткені Жүністің уағызын естігенде, олар күнәларына өкінген еді+. Бірақ мұнда Жүністен де зор біреу бар.
-