-
Марқа 4:3—9Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
3 “Тыңдаңдар! Бір диқан тұқым себуге шығыпты+. 4 Ол сеуіп жүргенде, тұқымның кейбірі жол бойына түседі де, құстар келіп, шоқып жеп кетеді. 5 Ал өзге біреулері топырағы аз, тастақ жерге* түседі. Топырақ жұқа болғандықтан, тұқым тез өніп шығады+. 6 Бірақ тамыр жаймаған соң, күн шыққанда күйіп, қурап қалады. 7 Тағы біреулері тікен арасына түседі. Тікен өсіп, тұншықтырып тастағандықтан, олар өнім бермейді+. 8 Ал өзге тұқымдар жақсы топыраққа түседі. Олар көктеп, бой көтеріп, отыз, алпыс және жүз еседен өнім береді+”. 9 Бұдан кейін ол: “Құлағы барлар тыңдап алсын!”— деп қосты+.
-
-
Лұқа 8:4—8Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
4 Қаладан қалаға соңынан еріп жүргендерге қалың жұрт келіп қосылғанда, Иса оларға мынадай мысал келтірді+: 5 “Бір диқан тұқым себуге шығыпты. Ол сеуіп жүргенде, тұқымның кейбірі жол бойына түсіп, тапталып қалады. Құстар ұшып келіп, оларды шоқып жеп кетеді+. 6 Өзге біреулері тастақ жерге* түседі де, көктеп өсіп шығады, бірақ ылғал болмағандықтан қурап қалады+. 7 Тағы біреулері тікен арасына түседі. Тікен өсіп, оларды тұншықтырып тастайды+. 8 Ал басқа тұқымдар жақсы топыраққа түседі де, көктеп шыққан соң, жүз еседен өнім береді+”. Осыны айтқаннан кейін, ол қатты дауыстап: “Құлағы барлар тыңдап алсын!”+— деді.
-