-
Марқа 13:28—31Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
28 Мысал ретінде інжір ағашына назар аударыңдар: оның жас бұтақтары жұмсарып, жапырақтары шыға бастағанда, жаздың жақындап қалғанын білесіңдер+. 29 Сол сияқты, сендер де осылардың болып жатқанын көргенде, Адам Ұлының жақын, есік алдында, екенін біліңдер+. 30 Сендерге шындығын айтамын, осы ұрпақ өлмей тұрып-ақ, бұлардың бәрі орындалады+. 31 Көк пен жер құрып жоқ болып кетсе де+, менің сөздерім еш құрымайды+.
-
-
Лұқа 21:29—33Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
29 Сосын оларға мынадай мысал келтірді: “Інжір ағашы мен басқа да ағаштарға қараңдар+: 30 олардың бүршік атқанын көргенде, жаздың жақындап қалғанын білесіңдер. 31 Сол сияқты, сендер де осылардың болып жатқанын көргенде, Құдай Патшалығының таяп қалғанын білесіңдер. 32 Сендерге шындығын айтамын, осы ұрпақ өлмей тұрып-ақ, бұлардың бәрі орындалады+. 33 Көк пен жер құрып жоқ болып кетсе де, менің сөздерім еш құрымайды+.
-