-
Марқа 14:55—59Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
55 Осы кезде жоғарғы діни қызметкерлер мен бүкіл Жоғарғы кеңес* Исаны өлімге кеспек болып, оған қарсы айғақтар іздестіріп, бірақ ештеңе таба алмай жатты+. 56 Көптеген адам оған қарсы жалған куәлік бергенімен+, олары бір-бірімен үйлеспей жатты. 57 Сондай-ақ орындарынан тұрып, оған қарсы мынадай жалған куәлік айтушылар да болды: 58 “Біз оның “қолдан жасалған мына ғибадатхананы қиратып, үш күннің ішінде адам қолымен жасалмаған басқасын тұрғызамын” дегенін естідік”+. 59 Бірақ бұл куәліктері де өзара сәйкес келмеді.
-