21 Сол кезден бастап Иса Мәсіх шәкірттеріне Иерусалимге баруы керектігін және ақсақалдар, жоғарғы діни қызметкерлер мен дін мұғалімдерінің қолынан көп азап шегіп, өлтірілуі, ал үшінші күні қайта тірілуі керектігін түсіндіре бастады+.
22 Ғалилеяда бірге болған кезінде Иса оларға: “Адам Ұлы жауларының қолына ұсталып беріледі+. 23 Олар оны өлтіреді, бірақ ол үшінші күні қайта тіріледі+”,— деді. Сонда шәкірттері қатты жабырқады.
3 Сендерге айтқан, өзім де қабылдаған басты нәрселердің бірі — Жазбаларда айтылғанға сай, Мәсіх біздің күнәларымыз үшін өлді+. 4 Сондай-ақ, Жазбаларда айтылғандай+, жерленді+, ал үшінші күні+ қайта тірілді+.