-
Матай 4:1—10Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
4 Сосын Иса рухтың жетелеуімен шөл далаға барды. Сол жерде Ібіліс+ оны сынады+. 2 40 күн, 40 түн ораза тұтқаннан кейін, оның қарны ашты. 3 Сонда Азғырушы*+ келіп, оған: “Егер Құдайдың ұлы болсаң, мына тастар нанға айналсын деп бұйыр”,— деді. 4 Бірақ Иса: “Киелі жазбада “адам нанмен ғана емес, Ехобаның аузынан шыққан әрбір сөзімен де өмір сүруі тиіс” делінген ғой”,— деп жауап берді+.
5 Мұнан соң Ібіліс оны қасиетті қалаға*+ апарып, ғибадатхананың төбесіне шығарып+: 6 “Егер Құдайдың ұлы болсаң, төмен қарай секір, өйткені Киелі жазбада “ол сен туралы періштелеріне бұйрық береді”, сондай-ақ “аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін, сені қолдарына алып жүреді” деп жазылған ғой”+,— деді. 7 Иса оған: “Ехоба Құдайыңды сынаушы болма!” деп те жазылған ғой”,— деп жауап қайтарды+.
8 Бұдан кейін Ібіліс оны бір өте биік тауға апарды да, әлемнің барлық патшалықтары мен олардың сән-салтанатын көрсетіп+, 9 былай деді: “Егер алдыма жығылып, маған бір рет табынсаң, осының бәрін саған беремін”. 10 Сонда Иса: “Кет қасымнан, Шайтан! Киелі жазбада “Ехоба Құдайыңа ғибадат етіп+, тек соған ғана қызмет* ет!” деп жазылған ғой”,— деді+.
-
-
Лұқа 4:1—13Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
4 Киелі рухқа кенелген Иса Иордан өңірінен кеткен соң, рух оны шөл далаға жетелеп апарды+. 2 Ол сол жерде 40 күн болып, сосын оны Ібіліс сынады+. Иса сол күндері нәр тартпады, осы мерзім аяқталғанда, қарны ашты. 3 Сонда Ібіліс оған: “Егер Құдайдың ұлы болсаң, мына тас нанға айналсын деп бұйыр”,— деді. 4 Иса оған: “Киелі жазбада “адам тек нанмен өмір сүрмеу керек” делінген ғой”+,— деп жауап берді.
5 Ібіліс оны бір тауға апарды да, әп-сәтте жержүзінің барлық патшалықтарын көрсетіп+, 6 былай деді: “Осылардың бүкіл билігі мен сән-салтанатын саған беремін, өйткені ол маған берілген+. Оны кімге бергім келсе, соған беремін. 7 Сондықтан маған бір рет табынсаң, бәрі сенікі болады”. 8 Иса оған: “Киелі жазбада “Ехоба Құдайыңа ғибадат етіп, тек соған ғана қызмет* ет!” деп жазылған ғой”+,— деп жауап берді.
9 Сосын Ібіліс оны Иерусалимге апарды да, ғибадатхананың төбесіне шығарып: “Егер Құдайдың ұлы болсаң, төмен қарай секір+, 10 өйткені Киелі жазбада “ол періштелеріне сені қорғауға бұйрық береді, 11 аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін, олар сені қолдарына алып жүреді” деп жазылған ғой+”,— деді. 12 Бұған Иса: “Ехоба Құдайыңды сынаушы болма!” деп те айтылған ғой”+,— деген жауап қайырды. 13 Ібіліс барлық сынағын бітірген соң, басқа бір қолайлы уақытты күтпек болып, оның қасынан кетіп қалды+.
-