31 Иса тағы бір мысал келтіріп, былай деді: “Көк Патшалығы бір кісі егіндігіне еккен қыша дәніне ұқсайды+. 32 Ол тұқым атаулының ең кішкентайы болса да, өскенде, басқа дақылдардың бәрінен үлкен болып, ағаш іспетті болады. Сонда аспан құстары келіп, бұталарын паналайды”.