-
Матай 21:33—41Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
33 Тағы бір мысалды тыңдаңдар: жері бар бір кісі жүзім бағын+ отырғызып, оны айналдыра қоршау орнатады. Сосын жүзім сығатын орын жасап, мұнара тұрғызады+. Бұдан кейін бағын жүзімшілерге жалға беріп, өзі басқа елге сапарға аттанады+. 34 Өнім жинайтын кез келгенде, ол өз үлесін алу үшін жүзімшілерге құлдарын жұмсайды. 35 Алайда жүзімшілер оларды ұстап алып, бірін ұрып-соғып, өзгесін өлтіріп, тағы басқасын таспен атқылайды+. 36 Сонда жүзімдік иесі алғашқысынан да көп құлын жібереді. Бірақ жүзімшілер оларға да тап солай істейді+. 37 Ақырында ол: —Менің ұлымды сыйлар,— деп ойлап, ұлын жібереді. 38 Оны көрген жүзімшілер өзара: —Бұл — мұрагер ғой+! Жүріңдер, оны өлтіріп, мұрасын иемденейік!— десіп, 39 оны ұстап алып, жүзімдіктің сыртына сүйреп шығарып, өлтіріп тастайды+. 40 Енді жүзімдіктің иесі келгенде, оларға не істейді?” 41 Сонда әлгілер: “Ол зұлым жүзімшілердің көзін құртып, жүзімдігін мезгілі жеткенде өнімнен үлесін беретін басқа жүзімшілерге жалға береді”,— деп жауап берді.
-
-
Лұқа 20:9—16Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
9 Сосын ол халыққа мынадай мысал айтты: “Бір кісі жүзім бағын отырғызыпты+. Содан оны жүзімшілерге жалға беріп, өзі ұзақ уақытқа басқа елге сапарға аттанады+. 10 Мерзімі жеткенде ол өнімнен өз үлесін алу үшін жүзімшілерге бір құлын жұмсайды. Бірақ олар оны ұрып-соғып, құралақан қайтарады+. 11 Жүзімдік иесі басқа бір құлын жұмсайды. Олар оны да ұрып-соғып, қорлап, құралақан жібереді. 12 Ол үшіншісін жұмсайды. Жүзімшілер оны да жарақаттап, қуып жібереді. 13 Сонда жүзімдік иесі: —Не істесем екен? Өзімнің сүйікті ұлымды жіберейін+. Мүмкін, ұлымды сыйлар,— дейді. 14 Жүзімшілер оны көргенде, өзара ақылдасып: —Бұл — мұрагер ғой! Жүріңдер, оны өлтірейік, сонда мұрасы біздікі болады,— деседі. 15 Оны жүзімдік сыртына сүйреп шығарып, өлтіріп тастайды+. Енді жүзімдік иесі оларға не істейді? 16 Ол келіп, жүзімшілердің көзін құртады да, жүзімдігін басқаларға береді”.
Бұны естігендер: “Мұндайдың бетін аулақ қылсын!”— десті.
-