-
Матай 22:23—28Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
23 Сол күні оған қайта тірілуге сенбейтін саддукейлер+ келіп, мынадай сұрақ қойды+: 24 “Ұстаз, Мұса пайғамбар “егер біреу бала көрмей өліп кетсе, бауыры оның жесіріне үйленіп, марқұмның ұрпағын жалғастыру керек”+ деген ғой. 25 Арамызда жеті ағайынды бар еді. Солардың үлкені үйленіп, артында ұрпақ қалдырмай көз жұмды. Ал оның әйеліне бауыры үйленді. 26 Бірақ бұнысымен де, үшіншісімен де, тіпті жетеуінің бәрімен де дәл осылай болды. 27 Соңында әйел де дүние салды. 28 Олай болса, өлгендер қайта тірілгенде, ол қайсысының әйелі болады? Жетеуі де оған үйленген еді ғой”.
-
-
Лұқа 20:27—33Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
27 Бірақ оған қайта тірілуге сенбейтін саддукейлер*+ келіп, мынадай сұрақ қойды+: 28 “Ұстаз, Мұса бізге егер үйленген біреу артында бала қалдырмай өлсе, онда бауыры оның жесіріне үйленіп, марқұмның ұрпағын жалғастыруы керектігін жазған болатын+. 29 Жеті ағайынды бар еді. Солардың үлкені үйленіп, артында бала қалдырмай өлді. 30 Жесіріне екіншісі, 31 сосын үшіншісі үйленді. Осылай оған жетеуі де үйленіп, арттарында бала қалдырмай, бәрі де көз жұмды. 32 Соңында әйелдің өзі де дүние салды. 33 Олай болса, өлгендер қайта тірілгенде, ол кімнің әйелі болады? Оған жетеуі де үйленген еді ғой”.
-