-
Матай 16:13—16Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
13 Иса Філіп Кесариясы аймағына келгенде, шәкірттерінен: “Жұрт Адам Ұлын кім деп жүр?”+— деп сұрады. 14 Олар: “Біреулер шомылдыру рәсімін жасаушы Жақия+, өзге біреулер Ілияс+, тағы біреулер Еремия немесе өзге пайғамбарлардың бірі деп жүр”,— деді. 15 Сонда ол: “Ал сендер мені кім дейсіңдер?”— деп сұрады. 16 Шимон Петір: “Сіз Мәсіхсіз+, тірі Құдайдың Ұлысыз+”,— деп жауап берді.
-
-
Марқа 8:27—30Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
27 Иса шәкірттерін ертіп, Філіп Кесариясындағы ауылдарға бара жатқанда, жолшыбай олардан: “Жұрт мені кім деп жүр?”— деп сұрады+. 28 Олар: “Біреулер шомылдыру рәсімін жасаушы Жақия десе+, өзге біреулері Ілияс+, ал тағы біреулері өзге пайғамбарлардың бірі деп жүр”,— деді. 29 Сонда ол: “Ал сендер мені кім дейсіңдер?”— деп сұрады. Бұған Петір: “Сіз Мәсіхсіз”,— деп жауап берді+. 30 Иса оларға өзінің кім екені жөнінде ешкімге айтпауды бұйырды+.
-