-
Матай 18:1—5Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
18 Сол уақытта Исаның жанына шәкірттері келіп: “Көк Патшалығында ең ұлы кім болады+?”— деген сұрақ қойды. 2 Сонда ол бір кішкентай баланы шақырып алып, орталарына тұрғызып, 3 былай деді: “Сендерге шындығын айтамын, өзгеріп, кішкентай балалар+ сияқты болмасаңдар, Көк Патшалығына кірмейсіңдер+! 4 Ендеше, кім өзін осы бала сияқты кіші тұтса, Көк Патшалығында ең ұлы сол болады+. 5 Сондай-ақ кімде-кім менің атымнан осындай кішкентай балалардың бірін қабылдаса, мені де қабылдағаны.
-
-
Марқа 9:33—37Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
33 Содан олар Қапарнаумға келді. Иса үйде болғанда шәкірттерінен: “Жолда не жайлы дауластыңдар?”+— деп сұрады. 34 Шәкірттері үндемеді, өйткені жолшыбай араларындағы ең ұлысы кім екені жөнінде дауласқан болатын. 35 Иса жайғасып отырды да, 12 елшісін шақырып алып: “Кім ұлы болғысы келсе, сол бәрінен де кішік болып, бәріне қызмет етсін”+,— деді. 36 Ол бір кішкентай баланы ортаға тұрғызды да, құшақтап тұрып: 37 “Кімде-кім менің атымнан осындай кішкентай балалардың бірін қабылдаса+, мені де қабылдағаны. Ал кім мені қабылдаса, мені ғана емес, мені жібергенді де қабылдағаны”,— деді+.
-