-
Матай 12:24—30Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
24 Мұны естіген парызшылдар: “Ол жындарды жындардың әміршісі Белзебүлдің* күшімен қуып шығарады”+,— десті. 25 Олардың ойын білген Иса былай деді: “Жікке бөлінген әрбір патшалық күйрейді, жікке бөлінген әрбір қала не отбасы да ойран болады. 26 Тап солай, егер Шайтан Шайтанды қуып шығарса, онда өзара жікке бөлінгені. Олай болса, оның патшалығы қалайша жойылмай, берік тұра алады? 27 Егер мен жындарды Белзебүлдің күшімен қуып шығаратын болсам, онда сендердің шәкірттерің оларды кімнің күшімен шығарады? Сондықтан қателесіп тұрғандарыңды өз шәкірттерің әшкерелейді. 28 Ал мен жындарды Құдайдың рухымен қуып шығаратын болсам, онда Құдай Патшалығының сендерге келіп қалғаны+. 29 Күштінің үйіне кіріп мүлкін тонағысы келген адам оның өзін байлап тастамайынша, қалай тонамақ? Байлап тастағаннан кейін ғана, оның үйін тонайды ғой. 30 Кім менің жағымда болмаса, сол маған қарсы. Кім менімен бірге жинамаса, сол шашады+.
-
-
Марқа 3:22—27Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
22 Ал Иерусалимнен келген дін мұғалімдері: “Оның бойын Белзебүл* билеп алған. Ол жындарды жындардың әміршісінің күшімен қуып шығарады”,— десті+. 23 Сонда Иса оларды шақырып алып, мынадай мысалдар келтірді: “Қалай Шайтан Шайтанды қуып шығара алады? 24 Жікке бөлінген патшалық күйрейді+, 25 жікке бөлінген отбасы да ойран болады. 26 Сол сияқты, Шайтан өз-өзіне қарсы шығып, жікке бөлінсе, онда берік тұра алмай, құриды. 27 Күштінің үйін тонауға келген ешкім де оның өзін байлап тастамайынша, мүлкін тонай алмайды. Байлап тастағаннан кейін ғана, оның үйін тонай алады.
-