-
Матай 20:17—19Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
17 Иерусалимге өрлеп бара жатқан жолда Иса 12 шәкіртін былайырақ шығарып+: 18 “Міне, Иерусалимге өрлеп келеміз. Сол жерде Адам Ұлы жоғарғы діни қызметкерлер мен дін мұғалімдерінің қолына ұсталып беріледі. Олар оны өлімге кесіп+, 19 басқа ұлт адамдарының қолына тапсырады. Ал олар болса оны мазақ етіп, қамшымен сабап, бағанаға іліп өлтіреді+, бірақ ол үшінші күні қайта тіріледі+”,— деді.
-
-
Марқа 10:32—34Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
32 Олар Иерусалимге баратын жолмен өрлеп бара жатты. Иса алда жүрді. Шәкірттері таңғалысып, ал соңдарынан ергендер қорқып келе жатты. Ол қайтадан 12 елшісін былайырақ шығарып, басынан өтуі тиіс жайттар туралы айта бастады+: 33 “Міне, Иерусалимге өрлеп келеміз. Сол жерде Адам Ұлы жоғарғы діни қызметкерлер мен дін мұғалімдерінің қолына ұсталып беріледі. Олар болса оны өлімге кесіп, басқа ұлт адамдарының қолына тапсырады. 34 Ал олар оны мазақ етіп, бетіне түкіріп, қамшымен сабайды, сосын өлтіреді. Бірақ ол үш күннен соң қайта тіріледі+”.
-