-
Матай 22:41—46Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
41 Иса қасында жиналып тұрған парызшылдардан+: 42 “Мәсіх туралы не ойлайсыңдар, ол кімнің ұлы?”— деп сұрады. Олар: “Дәуіттің”+,— деп жауап берді. 43 Сонда ол мынаны айтты: “Ендеше, неге Дәуіт киелі рухтың жетелеуімен+ оны Ием деп атайды? Ол: 44 —Ехоба менің Иеме былай деді: “Жауларыңды аяғыңның астына салып бергенімше, оң жағымда отыр+”,— деген ғой. 45 Егер Дәуіт оны Ием деп атаса, қалайша ол оның ұлы болады+?” 46 Ешқайсысы оған бірде-бір сөз айта алмады. Сол күннен бастап оған сұрақ қоюға ешкімнің батылы бармады.
-
-
Марқа 12:35—37Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
35 Ғибадатханада тәлім беріп жатып, Иса оларға былай деді: “Неге дін мұғалімдері Мәсіхті Дәуіттің ұлы дейді+? 36 Киелі рухтың жетелеуімен+ Дәуіттің өзі: —Ехоба менің Иеме былай деді: “Жауларыңды аяғыңның астына салып бергенімше, оң жағымда отыр”,— деген ғой+. 37 Дәуіттің өзі оны Ием деп атаса, қалайша ол оның ұлы болады+?”
Жиналған қалың жұрт оның айтқандарын сүйсіне тыңдады.
-