-
Матай 14:14—17Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
14 Иса қайықтан түскенде, қалың жұртты көрді. Оларды аяп кетіп+, араларындағы ауруларды сауықтырды+. 15 Кеш түсе шәкірттері келіп, оған: “Бұл — елсіз жер, кеш те түсіп қалды. Халықты таратып жіберіңіз. Ауылдарға барып, өздеріне тамақ сатып алсын+”,— деді. 16 Бірақ Иса: “Оларға ешқайда кетудің қажеті жоқ. Тамақты сендер беріңдер”,— деп жауап қатты. 17 Шәкірттері: “Бізде бес нан мен екі балықтан басқа ештеңе жоқ”,— дегенде,
-
-
Марқа 6:35—38Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
35 Түс қайта оған шәкірттері келіп: “Бұл — елсіз жер, әрі кеш түсіп келеді+. 36 Жұртты таратып жіберіңіз. Жақын маңдағы ауылдар мен елді мекендерге барып, өздеріне тамақ сатып алсын”,— деді+. 37 Бірақ Иса: “Оларға тамақты сендер беріңдер”,— деп жауап қатты. Шәкірттері болса: “Әлде барып, 200 динарға* нан сатып алып, жұртты тамақтандырайық па?”— деді+. 38 Ол: “Қанша нандарың бар? Барып, көріп келіңдер”,— деп тапсырды. Олар көріп келіп: “Бес нан, екі балық бар екен”,— деді+.
-
-
Лұқа 9:12, 13Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
12 Кеш түсе бастағанда 12 елшісі Исаға келіп: “Жұртты таратып жіберіңіз. Олар төңіректегі ауылдар мен елді мекендерге барып, жатар орын мен тамақ тауып алсын. Бұл — елсіз жер ғой”,— деді+. 13 Бірақ Иса: “Оларға тамақты сендер беріңдер”+,— деп жауап берді. Шәкірттер болса: “Бізде бес нан мен екі балықтан басқа ештеңе жоқ. Әлде барып, мына адамдардың бәріне тамақ сатып әкелейік пе?”— деді.
-