-
Елшілердің істері 14:12—15Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
12 Олар Барнабаны Зевс*, ал Пауылды Гермес* деп атады, өйткені сөз тізгіні Пауылда еді. 13 Қалаға кіретін жерде Зевске арналған ғибадатхана бар болатын. Сондағы діни қызметкер қала қақпаларының алдына бұқалар мен гүлдестелерді алып келіп, халықпен бірге құрбандық шалмақ болды.
14 Алайда мұны естігенде, екі елші Барнаба мен Пауыл киімдерін жыртып, қалың тобырға қарай ұмтылды. Олар қатты дауыстап, 15 былай деді: “Бұларыңыз не? Біз де сіздер сияқты пендеміз ғой+. Осы түкке тұрмайтын нәрселерді тастап, көк пен жерді, теңізді және сондағылардың бәрін жаратқан тірі Құдайға бет бұруларыңыз үшін, сіздерге ізгі хабарды жариялауға келдік+.
-