-
Лұқа 2:29—32Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
29 “Әлемнің Әміршісі, өзің алдын ала айтқандай, баланы көріп тұрмын, енді міне, құлың тыныштықпен көз жұма алады+. 30 Себебі өз көзіммен сен жіберген құтқарушыны+, 31 барлық халықтарға көрсету үшін+ дайындаған құтқарушыңды, көрдім. 32 Ол — халықтарды басқан қараңғылықты сейілтетін нұр+ әрі өз халқың Исраилдің даңқы”.
-
-
Елшілердің істері 18:5, 6Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
5 Сыйлас+ пен Тімөте+ Македониядан келгенде, Пауыл өзін толығымен Құдай сөзін уағыздауға арнап, яһудилерге Исаның Мәсіх екенін дәлелдеп, куәлік етіп жүрді+. 6 Алайда олар қарсы шығып, оған тіл тигізгендіктен, Пауыл киімін қағып+: “Өз қандарың өз мойындарыңда+. Мен кінәлі емеспін+. Енді басқа ұлттарға бет бұрамын+”,— деді.
-