-
Елшілердің істері 21:10—12Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
10 Сол жақта жүргенімізге біраз күн болғанда, Яһудеядан Агаб+ есімді бір пайғамбар келді. 11 Қасымызға жақындаған ол Пауылдың белбеуін алып, өзінің қол-аяғын байлады да: “Киелі рух былай дейді: —Яһудилер осы белбеудің иесін Иерусалимде дәл осылай байлап+, басқа ұлт адамдарының қолына ұстап береді+”,— деді. 12 Осыны естіген біз және сол жердегі бауырластар Пауылдан Иерусалимге бармауын өтіндік.
-