16 Ыбырамның әйелі Сарай бала көтермеген еді+. Ал оның Ажар есімді мысырлық күңі бар болатын+. 2 Содан Сарай Ыбырамға: “Сөзіме құлақ түрші, Ехоба маған бала сүйгізбеді. Менің күңіммен жақындасшы, бәлкім, сол арқылы балалы болармын+”,— деді. Ыбырам Сарайдың бұл сөзіне құлақ асты.