28 Өздеріңе де, бүкіл отарға да мұқият болыңдар+. Құдайдың өз Ұлының қанымен сатып алған+ қауымын бағу үшін+ киелі рух сендерді отарға бақылаушы етіп тағайындады+.
25 Құдай Мәсіхті татуластыратын құрбандық ретінде берді+. Ол мұны Мәсіхтің төгілген қанына+ сенетіндерді өзімен татуластыру үшін істеді. Осылайша өзінің әділдігін паш етті, себебі ол бұрынғы уақыттарда жасалған күнәларды төзімділікпен кешіріп отырды.
9 Олар былай деп жаңа ән айтты+: “Сен шиыршықты алып, мөрлерін ашуға лайықсың. Өйткені сен құрбандыққа шалындың, осылай әрбір рудан, тілден, халықтан және ұлттан шыққан адамдарды өз қаныңмен сатып алып+, Құдайдың меншігі+