-
Титке 1:5—9Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
5 Мен сені Критте сондағы олқылықтарды түзетсін, қалаларда ақсақалдар тағайындасын деп қалдырдым. Менің мына нұсқауларымды ұстан: 6 ақсақал етіп еш айыбы жоқ әрі бір ғана әйелге үйленген кісіні тағайында. Ал балалары жүгенсіз, бетімен кеткен емес, сенуші болсын+. 7 Бақылаушы Құдай тағайындаған басқарушы ретінде еш айыбы жоқ болуы тиіс. Ол өз дегенін істететін+, қызба+, маскүнем, қатыгез болмауы, сондай-ақ ашкөздікпен арам олжа іздемеуі керек. 8 Қайта, қонақжай+, ізгілік атаулыны жақсы көретін, есті+, әділ әрі адал+, ұстамды+ болуы тиіс. 9 Ол дұрыс ілім+ арқылы жігерлендіре алу үшін* және осы ілімге қайшы сөйлейтіндерді әшкерелей+ алу үшін тәлім бергенде, шынайы сөздерден ауытқымау керек+.
-