-
Тімөтеге 1-хат 1:3, 4Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
3 Македонияға кетіп бара жатқанымда талпындырғанымдай, сені тағы талпындырып отырмын: Ефесте қалып, жалған ілім таратып жүргендерге, 4 аңыздар+ мен шежірелерге көп көңіл бөлетіндерге тыйым сал. Мұндай нәрселердің еш пайдасы жоқ+, тек түрлі болжамдар тудырады. Бұлар Құдайдың сенімді нығайту үшін беріп жатқан нәрселеріне жатпайды.
-
-
Тімөтеге 1-хат 6:3—5Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
3 Ал әлдекім жалған ілім тарататын болса және Иеміз Иса Мәсіхтің дұрыс нұсқауымен+ не Құдайға шын берілгендікке сай іліммен+ келіспесе, 4 ол кеуде көтерген әрі еш нәрсені ұқпайды+. Оның бар есіл-дерті — дауласу, сөздер туралы айтысып-тартысу+. Ал бұл қызғаныш, дау-жанжал тудырады, қорлық сөздер айтқызады, арам күдікке 5 және ой-санасы бүлінген, шындықтан алыс адамдардың болмашы нәрселер үшін үздіксіз тартысына әкеледі+. Олар Құдайға шын берілгендікті пайданың көзі деп біледі+.
-