-
Мұсаның 1-жазбасы 14:17—20Киелі жазбалар. Жаңа дүние аудармасы
-
-
17 Ыбырам Кедорлаумерді және оған ерген патшаларды жеңіп қайтып келе жатқанда, Содом патшасы оны қарсы алу үшін Шабе аңғарына, яғни Патша аңғарына+, шықты. 18 Салимнің патшасы Мәліксадық+ та нан мен шарап алып шықты. Ол Алла Тағаланың діни қызметкері еді+.
19 Ыбырамға батасын беріп, Мәліксадық былай деді:
“Ыбырамды жарылқасын Алла Тағала,
Көк пен жердің Жаратушысы.
20 Дәріптелсін Алла Тағала
Жауларыңды қолыңа берген!”
Сонда Ыбырам оған қолға түсірген олжасының оннан бір бөлігін берді+.
-