2 Құдай сендерді қалай қызғыштай қорғаса, мен де солай қорғаймын. Өйткені сендерді бір күйеуге, Мәсіхке, қосуды уәде еткенмін, әрі оған пәк күйлеріңде бергім келеді+.
27 Құдайымыз әрі Әкеміздің көз алдындағы таза да арамдалмаған ғибадат — жапа шеккен+ жетім-жесірлерге қамқорлық жасау+ және өзімізді осы дүниедегі арамдықтардан кіршіксіз таза ұстау+.
4 Опасыздар*, осы дүниемен дос болу — Құдаймен жауласу екенін білмейсіңдер ме? Сондықтан кім осы дүниемен достасқысы келсе, сол өзін Құдайға жау етеді+.