Мұсаның 5-жазбасы
23 Ұрық безі зақымдалған не жыныс мүшесі кесіп тасталынған ешбір еркек Ехобаның қауымының мүшесі бола алмайды+.
2 Некесіз туылған ұл Ехобаның қауымының мүшесі бола алмайды+. Оның үрім-бұтағы да ешқашан* Ехобаның қауымының қатарына қосыла алмайды.
3 Ешбір аммондық та, моабтық та Ехобаның қауымының мүшесі бола алмайды+. Олардың үрім-бұтақтары да ешқашан* Ехобаның қауымының қатарына қосыла алмайды. 4 Өйткені олар Мысырдан шығып келе жатқандарыңда сендерге ас-су беріп жәрдемдеспеді+, сондай-ақ сендерге қарғыс айтқызбақ болып, Месопотамиядағы Петорда тұратын Беғор ұлы Балағамды жалдады+. 5 Сонда Ехоба Құдайларың Балағамның сөзін тыңдамады+. Қайта, Ехоба Құдайларың оның қарғысын батаға айналдырды+, өйткені Ехоба Құдайларың сендерді жақсы көреді+. 6 Олардың игілігі үшін және өркендеулері үшін ештеңе жасаушы болмаңдар+.
7 Едомдықтарды жек көруші болмаңдар, өйткені олар — сендердің бауырларың+. Мысырлықтарды да жек көруші болмаңдар, өйткені сендер олардың елінде жатжерлік ретінде тұрғансыңдар+. 8 Олардың үшінші ұрпағы Ехобаның қауымының мүшесі бола алады.
9 Жауларыңа қарсы жорыққа шығып, бір жерге қос тіккенде, өздеріңді арамдаудан сақтаныңдар+. 10 Егер араларыңдағы біреудің түнде шәуеті ағып, арамдалып қалса+, қостың сыртына шығып, сонда бола тұрсын. 11 Кеш түсе ол суға шомылсын, сосын күн бата қосқа кіруіне болады+. 12 Қостың сыртынан дәретке отыратын жер белгілеңдер де, сол жерге баратын болыңдар. 13 Құрал-жабдықтарыңның арасында күрекшелерің* болсын. Түзге шығарда шұңқыр қазып, кейін нәжісті көміп тастаңдар. 14 Өйткені Ехоба Құдайларың сендерді құтқару үшін және жауларыңды қолдарыңа беру үшін қостың ішінде жүреді+. Ол араларыңнан қандай да бір лайықсыз нәрсені көріп, сендерден бет бұрып кетпес үшін, қостарың қасиетті болу керек+.
15 Құл өзінің қожайынынан қашып, араларыңа келгенде, оны иесіне қайтармаңдар. 16 Ол өзі таңдаған жерінде, ұнатқан қалаларыңның бірінде тұра берсін. Оған жәбір көрсетпеңдер+.
17 Исраилдің ешбір қызы да, ұлы да ғибадатхана жезөкшесі болмасын+. 18 Әйел жезөкшенің алған ақысын немесе еркек жезөкшенің алған ақысын сертті орындау үшін әкелген сый-тарту ретінде Ехоба Құдайларыңның үйіне әкелмеңдер, өйткені бұл Ехоба Құдайларың үшін жеркенішті.
19 Бауырыңа берген ештеңеден: қарызға берген ақшадан, азық-түліктен не басқа да нәрседен — өсім алушы болма+. 20 Жатжерліктен өсім алуға болады+, бірақ бауырыңнан өсім алма+. Сонда иелікке алғалы жатқан елде Ехоба Құдайың сенің барлық ісіңді жарылқайтын болады+.
21 Ехоба Құдайыңа қандай да бір ант берсең+, оны кейінге қалдырмай орында+. Өйткені Ехоба Құдайың сенен оны орындауды талап етеді, әйтпесе күнәлі боласың+. 22 Егер ант бермесең, күнәлі болмайсың+. 23 Аузыңнан шыққан сөзіңді бұлжытпай орында+, Ехоба Құдайыңа ерікті сый-тарту ретінде нені ант еткен болсаң, соны істе+.
24 Егер біреудің жүзімдігіне кірсең, тойғаныңша же, бірақ ыдысқа салып әкетуші болма+.
25 Егер біреудің егіндігіне кірсең, піскен масақты қолмен үзіп жеуіңе болады, бірақ оған орақ салма+.