Әйүп
3 Содан кейін Әйүп сөйлей бастады да, дүниеге келген күніне қарғыс айтып+, 2 былай деді:
3 “Мен туылған күн де+,
“Бойға бала бітті!” деген түн де құрып кетсін!
4 Сол күн түнекке айналып,
Көктегі Құдай оған назар салмасын,
Жарық та нұрын шашпасын.
5 Оны қара түнек өзіне қайтарып алсын,
Үстінен қара бұлт қаптап,
Жарығын қорқынышты қараңғылық бассын.
6 Сол түн көзге түртсе көргісіз түнекке енсін+,
Жыл күндерінің есебінде болып қуанбасын,
Айлардың қатарына да қосылмасын.
7 Иә, сол түн бедеу күйі қалсын,
Ешқандай шаттық үні естілмесін.
9 Таңғы жұлдыздары күңгірт тартсын,
Жарық күнді босқа күтсін,
Таң шапағын да көрмей кетсін.
10 Өйткені ол анамның құрсағын жауып+,
Мені қасіреттен жасырып қалмады.
11 Неге ғана туылып жатқанда өліп қалмадым?
Неге құрсақтан шыға сала көз жұмбадым+?
12 Несіне мені қабылдап алатын тізелер,
Емізетін емшектер күтті екен?
14 Патшалармен, олардың кеңесшілерінің
Өздеріне салдырған, ал бүгінде қирап жатқан ғимараттарда жатар едім.
15 Я болмаса сарайларын күміске толтырған,
Алтыны көп бекзадалармен жатар едім.
16 Неге ғана дүниенің жарығын көрмеген бала сияқты,
Түсік сияқты болмадым екен?
17 Көрде зұлымдар аласұруын доғарады,
Әлсірегендер де тыным табады+.
18 Ол жақта тұтқындардың бәрі рақатқа батады,
Өздерін жұмысқа салғандардың даусын енді қайтып естімейді.
21 Неге олар өлімді аңсайды, бірақ ол келмейді+?
25 Себебі неден үрейленсем, соған тап болдым,
Неден қорықсам, соған ұшырадым.
26 Маған тыныштық та, тыным да жоқ,
Тынығудың орнына басыма аласапыран күн туды”.