Қорынттықтарға 2-хат
1 Мен, Құдайдың еркімен Мәсіх Исаның елшісі болған Пауыл, қасымда Тімөте+ бауырласымыз бар, осы хатты Қорынттағы Құдайдың қауымына жазып отырмын. Бұл хат бүкіл Ахаядағы+ қасиеттілердің бәріне арналған.
2 Құдай Әкеміз бен Иеміз Иса Мәсіх сендерге рақымы мен тыныштығын сыйласын!
3 Иеміз Иса Мәсіхтің Құдайы әрі Әкесі+ мадақталсын! Ол — қайырымы мол Әке+ және жұбаныш атаулының қайнар көзі+. 4 Ол бізді қиындық көрген кездің бәрінде жұбатады*+. Сонда Құдай бізді жұбатқанындай+, біз де әртүрлі қиындық көріп жүргендерді жұбата аламыз+. 5 Өйткені Мәсіх үшін шеккен азабымыз қанша көп болса+, Мәсіх арқылы алатын жұбанышымыз да сонша көп. 6 Қиындық көрсек, сендер жұбаныш алсын, құтқарылсын деп қиындық көрудеміз. Ал жұбаныш тапсақ, бұл сендерді де жұбатып, біздікіндей азаптарға төзуге көмектессін дейміз. 7 Сендерге деген үмітіміз берік, өйткені азабымызға ортақтасқандарыңдай, жұбанышымызға да ортақтасатындарыңды білеміз+.
8 Бауырластар, сендерді Азия* аймағында басымызға түскен қиындықтан бейхабар қалдырғымыз келмейді+. Басымызға түскен қиындықтың ерекше ауыр, адам төзе алмастай болғаны сонша — тірі қаламыз деп үміттенбедік те+. 9 Өзімізді өлімге кесілгендей сезіндік. Бұл өзімізге емес, өлгендерді тірілтетін Құдайға сенім артуымыз үшін+ осылай болды. 10 Ол бізді басымызға төнген ажалдан құтқарды, тағы да құтқарады, әрі бұдан былай да құтқара беретініне сенімдіміз+. 11 Жалбарына дұға етулеріңмен сендер де бізге көмектесе аласыңдар+. Сонда көпшіліктің дұғасының арқасында+ бізге мейірімділік көрсетілгені үшін көп адам Құдайға ризашылық білдіреді.
12 Біз мынаны мақтан тұтамыз: осы дүниеде, әсіресе сендердің араларыңда, біз адамның даналығы емес+, Құдайдың рақымы бойынша қасиетті болып, Құдай үйреткен шынайылықпен жүріп-тұрдық, бұған ар-ұжданымыз куә. 13 Негізінде, біз өздерің оқи алатын* әрі түсінетін нәрселерді ғана жазып отырмыз. Бұларды әрі қарай да ұға түсесіңдер деп үміттенемін. 14 Иеміз Исаның күнінде біз сендерді мақтан тұтатынымыздай, сендер де бізді мақтан ететіндеріңді қандай да бір шамада түсіндіңдер.
15 Осыған сенімді болғандықтан, сендер тағы да қуансын деп*, алдымен өздеріңе баруға ниеттендім. 16 Сондықтан Македонияға бара жатқанда да, қайтқанда да соқпақ болдым. Бұдан кейін мені Яһудеяға шығарып салар едіңдер+. 17 Осыған ниеттенгенімде, бұған жеңіл-желпі қарадым ба? Әлде жоспар құрғанда, өзімді ғана ойлап, алдымен “иә, иә”, ал артынан “жоқ, жоқ” деді дейсіңдер ме? 18 Құдайға сенім артуларыңа болатынындай, бізге де сенім артуларыңа болады. Біз де “иә” дей тұра, “жоқ” демейміз. 19 Араларыңда Силуан*, Тімөте+ үшеуміз уағыздаған Құдай Ұлы Мәсіх Иса да “иә” бола тұра, “жоқ” болған емес. Қайта, оның жағдайында “иә” деген “иә” болды. 20 Құдайдың уәделері қаншама көп болмасын, бәрі ол арқылы “иә” болды+. Сондықтан да Құдайды мадақтап, сол арқылы оған “Аумин” дейміз+. 21 Бірақ сендердің де, біздің де Мәсіхке тиесілі екенімізге кепілдік беретін әрі бізді майлаған — Құдай+. 22 Сондай-ақ ол бізге мөрін басты+, болашақ баталардың кепілі ретінде жүрегімізге рухын+ орнықтырды.
23 Өліп кетейін, Қорынтқа сендерді аяғандықтан бармай жүргеніме Құдай куә. 24 Мұны сенімдеріңе үстемдік етейін деп айтып отырған жоқпыз+. Қайта, қуанышты болуларың үшін өздеріңмен қызметтесіп жүрміз. Өйткені сендер сенімдеріңнің арқасында берік тұрсыңдар.