Матай
3 Сол заманда Яһудеяның шөлді* аймағына шомылдыру рәсімін жасаушы+ Жақия+ келіп, былай деп уағыздады: 2 “Күнәларыңа өкініңдер, өйткені Көк Патшалығы* таяп қалды+!” 3 Жақия жөнінде Ишая пайғамбар+ былай деген: “Шөл далада біреу: —Ехобаға жол даярлаңдар! Оның жолдарын тегістеңдер!— деп жар салып жатыр”+. 4 Жақия түйе жүнінен киім киіп, белін қайыс белбеумен буып жүретін+. Ал жейтін азығы шегіртке мен жабайы араның балы болатын+. 5 Сол уақытта Иерусалим мен бүкіл Яһудея аймағынан және Иордан өзенінің барлық өңірінен халық оған ағылып келді+. 6 Олар күнәкар екендерін мойындап, Жақияның қолынан Иордан өзенінде шомылдыру рәсімінен өтті+.
7 Ол шомылдыру рәсімі жасалып жатқан жерге келе жатқан көптеген парызшылдар* мен саддукейлерді*+ көріп, былай деді: “Улы жыланның ұрпағы+! Сендерді Құдайдың төніп келе жатқан қаһарынан құтыла алады деп кім айтты+? 8 Сондықтан өкінетіндеріңді лайықты жемістеріңмен көрсетіңдер. 9 Сендер “біздің бабамыз* — Ыбырайым” деп ойламаңдар+. Мен сендерге мынаны айтамын: Құдай мына тастардан да Ыбырайымға ұрпақ жасап бере алады. 10 Қазірдің өзінде ағаш түбінде балта жатыр. Сондықтан жақсы жеміс бермейтін әрбір ағаш шабылып, отқа тасталады+! 11 Мен сендерді суға шомылдыру рәсімінен өткіземін, себебі сендер күнәларыңа өкіндіңдер+. Ал менен кейін келе жатқан кісі менен құдіретті. Мен оның сандалын шешуге де татымаймын+. Ол сендерді киелі рухқа+ және отқа шомылдырады+. 12 Ол қолына күрек алып дән желпиді, қырманын тазалап, бидайды қамбаға құяды, ал қауызын өшпес отқа өртейді+”.
13 Сол кездері Иса Жақияның қолынан шомылдыру рәсімінен өту үшін Ғалилеядан Иорданға келді+. 14 Бірақ Жақия оны тоқтатпақ болып: “Сіздің маған келгеніңіз қалай, қайта, мен сіздің қолыңыздан шомылдыру рәсімінен өтуім керек қой?”— деді. 15 Иса оған: “Қазір осылай болсын, өйткені Құдайдың бар қалауын* жүзеге асырғанымыз абзал”,— деп жауап берді. Содан ол оны бөгемеді. 16 Иса шомылдыру рәсімінен өтіп, бірден судан шықты. Сонда көк ашылып+, Жақия Исаның үстіне Құдай рухының көгершін іспетті түсіп келе жатқанын көрді+. 17 Сондай-ақ көктен: “Бұл — менің сүйікті Ұлым+. Мен оған ризамын+!”— деген дауыс естілді+.