Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Қорах ұлдарының жыры+.
49 Күллі халықтар, мынаны тыңдаңдар,
Жержүзінің тұрғындары, назар салыңдар,
2 Қарапайымдар мен ұлықтар,
Байлар мен кедейлер — бәрің де тыңдаңдар.
3 Аузымнан дана сөздер шығады,
Жүрек толғанысымнан+ түсінік байқалады.
4 Мен нақыл сөзге құлақ саламын,
Арфада ойнап, жұмбағымның шешімін айтамын.
8 (Адамның жаны үшін берілетін төлемнің құны тым жоғары,
Пенде атаулы оны ешқашан төлей алмайды.)
9 Мәңгі өмір сүруі үшін, көрге түсірмей аман алып қала алмайды+.
10 Себебі олар тіпті дана жанның да өлетінін,
Ақымақ пен санасыздың да бірге құрып кетіп+,
Бар мал-мүлкінің өзгеге қалатынын біледі+.
11 Олар үйлерінің мәңгі тұрып,
Шатырларының ұрпақтан ұрпаққа қалғанын қалайды.
Иелігіндегі жерлеріне өз аттарын береді.
13 Ақымақтардың да,
Солардың бос сөздерін ұнатып, оларға еретіндердің де
Жүрер жолы осындай болады+. (Села)
14 Оларды қой іспетті көрге* айдап апарады.
Ал бағушысы өлім болады.
Таңертең әділдер оларға билік жүргізеді+.
Олар іздері де қалмай құрып кетеді+.
Оларға зәулім сарай емес, көр*+ үй болады+.
15 Ал мені Құдай төлемімді өтеп, көрдің* билігінен* құтқарады+,
Өйткені ол мені қамқорына алады. (Села)
16 Адамның байығанынан,
Үйінің салтанаты молайғанынан қорықпа,
17 Себебі ол өлгенде, өзімен ештеңе де алып кете алмайды+,
Салтанаты да оған еріп бармайды+.
18 Өйткені тірі кезінде ол өзін мақтаумен болды+.
(Табысқа жеткеніңде, жұрт сені мадақтайды+.)
19 Бірақ ақыр соңында бабаларына барып қосылады.
Олар енді қайтып жарықты көрмейді.
20 Мұны түсінбейтін адам, қанша құрметті болса да+,
Құрып жоқ болатын хайуанға ұқсайды.