Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Мут-лаббен*. Дәуіттің жыры.
א [Алеф]*
2 Өзіңді ойлап қуанып, өзіңді ойлап шаттанамын,
Уа, Құдай Тағала, есіміңді мадақтап әнге қосамын+.
ב [Бет]
3 Дұшпандарым кері шегінгенде+,
Алдыңда сүрініп, құрып жоқ болады.
4 Өйткені ісімді әділ шешіп, мүддемді қорғайсың,
Тағыңда отырып әділ сот жүргізесің+.
ג [Гимел]
5 Халықтарды әшкерелеп+, зұлымның көзін құрттың,
Есімдерін мәңгілікке өшірдің.
6 Жауларым мәңгіге құрыды,
Сен олардың қалаларын жермен-жексен еттің,
Енді олар ешқашан еске алынбайды+.
ה [Хе]
ו [Вав]
10 Есіміңді білетіндер өзіңді медет тұтады+,
Өзіңді іздегендерді сен ешқашан тастамайсың, уа, Ехоба+.
ז [Заин]
11 Сионда мекендейтін Ехобаны мадақтап ән шырқаңдар,
Халықтар арасында істерін жариялаңдар+.
12 Бейшаралардың төгілген қаны үшін кек алатын Құдай оларды есте ұстайды+,
Олардың жанайқайын еш ұмытпайды+.
ח [Хет]
13 Маған ықыласыңды түсірші, уа, Ехоба!
Мені жек көретіндердің жанымды қалай қинап жатқанына қарашы!
Өлім қақпаларынан мені тұрғызып алған өзің едің ғой+,
14 Сенің мадаққа лайық істеріңді Сион қызының қақпаларының алдында жариялайын+,
Құтқарғаныңа қуана шаттанайын+.
ט [Тет]
15 Халықтар қазған орларына өздері құлады,
Құрған торларына өздерінің аяқтары шырмалды+.
16 Ехоба үкімдерін жүзеге асыратынымен танымал+.
Зұлымның өз қолымен жасаған ісі өзіне тұзақ болады+.
Хиггайон*. (Села)
י [Йод]
17 Зұлым жан көрге* қарай шегінеді,
Құдайды ұмытқан халықтардың бәрі де сөйтеді.
כ [Каф]
19 Уа, Ехоба, көтерілші! Пенденің үстем болуына жол бермеші.
Халықтарға көз алдыңда үкім шығарылсыншы+.
20 Олардың бойын қорқыныш билесінші, уа, Ехоба+!
Халықтар небәрі жұмыр басты пенде екендерін білсінші. (Села)