Зәбүр
Михтам*. Дәуіттің жыры.
16 Өзіңді паналаймын, уа, Құдайым, қорғай көрші+.
2 Мен Ехобаға былай дедім: “Уа, Ехоба, игілігімнің қайнары өзіңсің!
4 Өзге құдайларға табынатындар қасіретіне қасірет қосады+.
Олар сұйық тарту ретінде қан ұсынғанда, мен еш қосылмаймын,
Тәңірлерінің аттарын да аузыма алмаймын+.
5 Ехоба — менің еншім, менің үлесім+; ол менің тостағанымды толтырады+.
Сен менің мұралы үлесімді сақтайсың.
6 Үлесіме берілген жерлер неткен керемет!
Еншіме тиген мұрама мен дән ризамын+!
8 Ехобаны әрдайым ойымда ұстаймын+.
Ол менің оң жағымда, мен нық тұрып, еш шайқалмаймын+.
9 Сондықтан жүрегім қуанады, бар болмысым шаттанады.
Қауіпсіз өмір сүремін.
Оң жағыңда болу мәңгілік бақытқа бөлейді.