Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Едутун*. Дәуіттің жыры.
62 Құдайымды мен үнсіз күтемін.
Ол мені құтқарады+.
3 Қашанғы өздерің жек көретін кісіні өлтіруді көксейсіңдер+?
Бәрің де қисайып тұрған қауіпті дуалға, құлауға шақ тұрған тас дуалға ұқсайсыңдар*.
4 Олар бас қосып, оны жоғары дәрежесінен айыру үшін кеңеседі;
Өтірік айтуды рақат көреді.
Ауыздарымен бата береді, ал жүректерінде қарғап-сілейді+. (Села)
6 Ол — менің жартасым, құтқарушым, қауіпсіз панам;
Мен ешқашан да шайқалмаймын+.
7 Мені құтқаратын да, даңққа бөлейтін де — Құдай.
Құдай — менің берік жартасым әрі панам+.
Құдай — біздің панамыз+. (Села)
Бәрін бірдей таразыға салып өлшесең, жеңіл болады шыққан демнен+.
10 Өзгені бопсалап табысқа жетемін деп ойлама,
Қарақшылыққа да бекерге үміт артпа.
Дүние-мүлкің молайса, оған бауыр баспа+.
11 Құдай маған екі рет былай деді:
“Күш Құдайға тиесілі”+.