Самуилдің 2-жазбасы
7 Патша өз үйінде тұрып жатты+. Ехоба оған айналасындағы барлық жауларынан тыныштық сыйлады. 2 Бірде патша Натан пайғамбарға+: “Мен қарағайдан соғылған үйде тұрып жатырмын+, ал шынайы Құдайдың келісім сандығы болса шатырда тұр+”,— деді. 3 Натан: “Көңілің қалағанын істе, Ехоба саған жар”,— деп жауап берді+.
4 Бірақ сол түні Ехоба Натанға мынаны айтты: 5 “Бар да, қызметшім Дәуітке былай де: —Ехобаның саған айтары мынау: “Сен маған тұратын үй салмақсың ба+? 6 Исраил халқын Мысырдан алып шыққалы бері мен үйде емес+, шатырда тұрып+, күні бүгінге дейін көшіп-қонып жүрмін. 7 Исраилдің арасында жүргенімде, халқымды бақсын деп өзім тағайындаған Исраил руларының бірде-бір басшысына “Неге маған қарағайдан үй салып бермейсіңдер?” деген емеспін”. 8 Қызметшім Дәуітке тағы былай де: “Әскербасы Ехоба мынаны айтады: —Халқым Исраилге басшы болуың үшін+, мен сені өрісте мал бағып жүрген жеріңнен таңдап алдым+. 9 Қайда барсаң да, саған жар болып+, алдыңнан барлық жауларыңды құртып отырамын+. Сенің атыңды шығарып+, жер бетіндегі ұлы адамдар іспетті даңқты қыламын. 10 Мен халқым Исраилге жер бөліп, сонда қоныстандырамын да, олар сол жерде тұратын болады. Ешкім оларды мазаламайды. Зұлымдар бұрынғыдай қысым көрсетпейді+. 11 Мен халқым Исраилге билер тағайындаған кезден бастап+ олар қысым көрсетіп келді. Ал енді мен саған барлық жауларыңнан тыныштық сыйлаймын+.
Ехоба саған тағы мынаны айтады: —Мен, Ехоба, сенің әулетіңді патша әулеті етемін+. 12 Күндерің таусылып+, ата-бабаларыңа қосылғаныңда, артыңнан бір ұрпағыңды, өз ұлыңды тағайындап, оның патшалық билігін нығайтамын+. 13 Менің есімімді даңққа бөлейтін үйді сол салады+. Мен оның патшалық тағын берік етіп, мәңгіге орнықтырамын+. 14 Мен оның әкесі, ал ол менің ұлым болады+. Жамандық жасаса, оны адамдардың таяғымен жөнге салып, адам баласының* дүресімен жазалаймын+. 15 Саған дейінгі Саулды айнымас сүйіспеншілігімнен айырдым+, ал оны ешқашан айырмаймын. 16 Сенің үйің мен патшалығыңа ешқашан қауіп төнбейді. Тағың мәңгі бақи берік тұрады+”.
17 Натан естіген сөздері мен алған аянын Дәуітке түгел айтып берді+.
18 Сонда Дәуіт патша Ехобаның алдына барып отырды да, былай деді: “Уа, Әлемнің Әміршісі Ехоба! Мен үшін осының бәрін істейтіндей, әулетім кім, мен кіммін+? 19 Әлемнің Әміршісі Ехоба, сен бұларды аз көріп, құлыңның әулетінің сонау болашағын да айтып бердің. Уа, Әлемнің Әміршісі Ехоба, бұл — сенің адамзатқа берген нұсқауың. 20 Бұған қызметшің Дәуіттің алып-қосары бар ма? Әлемнің Әміршісі Ехоба, сен мені жақсы білесің ғой+. 21 Осы ұлы істердің барлығын уәдең мен еркіңе сай жүзеге асырып, құлыңа білдірдің+. 22 Міне, сондықтан, уа, Әлемнің Әміршісі Ехоба, сен шынымен де ұлысың+. Саған тең келер ешкім жоқ+, өзге Құдай да жоқ+. Естігендеріміздің бәрі осыны дәлелдеп отыр. 23 Жер бетінде сенің халқың Исраил сияқты өзге халық бар ма+?! Уа, Құдай, сен оны меншікті халқың ету үшін құнын өтеуге барып+, ұлы да айбынды істерің арқылы+ есіміңнің даңқын арттырдың+. Өзің Мысырдан құнын өтеп алған халқың үшін өзге халықтар мен олардың тәңірлерін қуып тастадың. 24 Исраилді мәңгілікке меншікті халқың еттің+. Уа, Ехоба, сен олардың Құдайы болдың+.
25 Ал енді, Құдайым Ехоба, құлың мен оның әулетіне қатысты айтқан уәдеңді мәңгілікке бекітші. Берген уәдеңді тап өзің айтқандай жүзеге асыра көр+. 26 Сенің есімің мәңгі асқақтай берсін+! Халықтар “Исраилдің Құдайы — Әскербасы Ехоба!” дейтіндей болсын. Құлың Дәуіттің әулеті де алдыңда нық тұрсын+. 27 Уа, Исраилдің Құдайы Әскербасы Ехоба, “Сенің әулетіңді патша әулеті етемін” деп ашық білдірдің+. Сол себепті де құлыңның осылай дұға етуге батылы барып отыр. 28 Әлемнің Әміршісі Ехоба, сен шынайы Құдайсың, сөздерің де шынайы*+. Сен құлыңа осы игіліктерді орындауды уәде еттің. 29 Ал енді құлыңның әулеті алдыңда мәңгі тұру үшін батаңды бере көр+. Себебі сен, уа, Әлемнің Әміршісі Ехоба, уәде еттің, әрі құлыңның әулетін мәңгі бақи жарылқай бергейсің+”.