Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Ішекті аспаптың сүйемелдеуімен орындалуға арналған. Маскил*. Дәуіттің жыры.
2 Маған назарыңды салып, жауап бере көрші+.
Уайымым маған тыным берер емес+,
Әбден мазам қашты.
3 Дұшпанымның айтқан сөзінен,
Зұлымның қыспаққа алғанынан солай болды.
Олар азабыма азап қосуын қояр емес,
Ашуға мініп, жауласуын тыяр емес+.
5 Үрейленіп, діріл қағамын,
Тұла бойым қалтырайды.
6 Мен былай деп тілеймін: “Шіркін, кептердікіндей қанатым болса ғой!
Ұшып кетіп, қауіпсіз жерге тұрақтар ем.
8 Долы желден, сұрапыл дауылдан
Паналайтын жерге асығар ем”.
9 Уа, Ехоба, оларды абыржытып, жоспарларын бұзшы+,
Өйткені мен қалада болып жатқан зорлық пен толқуды көрдім.
10 Олар күні-түні қала қабырғасының үстінде аңдып жүреді,
Қала ішін зымияндық пен пәле жайлаған+.
11 Қала іші тас-талқан,
Оның алаңынан зорлық пен жалғандық арылған емес+.
Маған қарсы бас көтерген — дұшпаным емес,
Әйтпесе одан жасырынып қалар ем.
14 Екеуміз жақсы дос едік,
Жұртпен бірге Құдай үйіне де бірге барушы едік.
15 Дұшпандарым тас-талқан боп күйресе екен+!
Тірідей көрге* кірсе екен.
Себебі араларында да, көңілдерінде де зұлымдық мекендейді.
16 Ал мен Құдайды көмекке шақырамын,
Сонда Ехоба мені құтқарады+.
18 Ол құнымды өтеп алады, шайқасқан жауымнан жанымды аман сақтайды.
Өйткені көп адам маған қарсы шықты+.
19 Ежелден тағында отырған Құдай+ мені естіп, оларға қарсы шығады+. (Села)
Құдайдан қорықпайтын олар өзгеруден бас тартады+.
Айтқан сөздері зәйтүн майынан да жағымды,
Бірақ семсердей өткір+.
Әділ жанның құлауына ол ешқашан жол бермейді+.
23 Бірақ сен, уа, Құдайым, зұлымдарды терең орға түсіресің+.
Қан төгушілер мен алдамшылар ұзақ жасамай, өмірден өтеді+.
Ал мен өзіңе арқа сүйеймін.