Нақыл сөздер
25 Бұлар да Сүлейменнің нақыл сөздері+. Оларды Яһуда патшасы Езекияның+ адамдары көшіріп, жинақтаған.
3 Аспанның заңғар биік, жердің терең екеніндей,
Патшаның жүрегіндегісін білмес ешкім түгелдей.
4 Күмісті балқытып, қоспадан тазарт,
Сонда ол тап-таза болып шығар+.
5 Зұлымды патшаның алдынан әкет,
Сонда тағы оның әділдікпен нығаяр+.
6 Патшаның алдында өз-өзіңді дәріптеме+,
Ұлықтардың арасынан орын алма+,
7 Өйткені төренің алдында жер болғанша+,
Патшаның саған: “Жоғары шық”,— дегені артық.
8 Соттасып дауласуға асықпа,
Кейіннен қарсыласың масқара қылса, қайтесің+?
10 Әйтпесе тыңдаушың ұялтар сені,
Таратқан өсегіңді қайтара алмассың кері.
15 Шыдамдылықпен басшыны көндіруге,
Жұмсақ тілмен сүйекті сындыруға болады+.
16 Бал тапсаң, шамаңа қарай же,
Артық жеп қойсаң, құсып тастарсың+.
17 Көршіңнің үйіне жиі бара берме,
Әйтпесе сенен мезі боп, жек көріп кетер.
18 Біреуге қарсы жалған куәлік берген адам+
Сойыл, семсер және үшкір жебе іспетті.
19 Қиын шақта үміт арту сенімсіз* адамға
Ұқсар сынық тіс пен ақсақ аяққа.
20 Қайғырған жүрекке ән айтқан адам+
Ұқсайды суық күнде киімін шешкен,
Сілтіге* сірке суын құйған жанға.
23 Солтүстік жел нөсер әкелер,
Өсекші тіл бетке ашу шығарар+.
24 Ұрысқақ әйелмен бір үйде тұрғанша,
Үй төбесінің бір бұрышында тұрған артық+.
25 Алыс жерден келген жақсы хабар+
Шаршаған жанға берген салқын судай болар.
26 Зұлымның ырқына көнген әділ адам
Лайланған бұлақ пен қираған құдыққа ұқсайды.