Әйүп
19 Сонда Әйүп былай деді:
3 Осымен оныншы рет мені қорлап отырсыңдар,
Қатыгездіктеріңе еш ұялмайсыңдар+.
4 Шынымен-ақ қателік жасаған болсам,
Зардабын өзім тартамын ғой.
5 Ал егер мені қорлық көруге лайық деп,
Өздеріңді менен жоғары қойып жатсаңдар,
6 Мынаны біліп қойыңдар: мені адастырып отырған — Құдайдың өзі,
Ол мені аңдып, торына түсірді.
7 Міне, мен “Зорлық!” деп айғайласам да, ешкім жауап бермейді+,
Жан даусыммен көмекке шақырсам да, еш әділдік жоқ+.
8 Ол өте алмауым үшін жолымды тас дуалмен бөгеп,
Жүретін жолдарымды түнекпен жауып тастады+.
9 Мені абырой-атақтан жұрдай қылды,
Басымдағы тәжді шешіп алды.
10 Құртып жібермейінше, жан-жақтан соққылады,
Үмітімді ағаш іспетті түптамырымен жұлып тастады.
11 Маған қаһары қайнап,
Өзіне дұшпан етіп алды+.
12 Жасақшыларын жіберіп, қоршауға алдырды,
Шатырымды айналдыра қостарын тіктірді.
13 Туған бауырларымды менен аластатты;
Таныстарым да менен теріс айналды+.
14 Туған-туыстарым менен безіп,
Өзім жақсы танитындар да мүлдем ұмытты+.
15 Үйімдегі қонақтарым+ мен күңдерім мені бөтен адамдай,
Жатжерліктей көреді.
16 Қызметшімді шақырсам, жауап бермейді,
Жанашырлық танытуын жалынып өтінуге мәжбүрмін.
17 Өз әйелім демімнен жеркенеді+,
Иісіме бір құрсақтан шыққан бауырларым да шыдамайды.
18 Мені жас балалар да менсінбейді,
Орнымнан тұрғанымда, мазақ етіп келекелейді.
21 Достарым-ау, мені аяңдаршы, мейірімдеріңді түсіріңдерші!
Өйткені Құдайдың өзі маған қолын тигізді+.
23 Шіркін, сөздерім жазылып қалдырылса ғой!
Кітапқа өрнектеліп түсірілсе ғой!
24 Сөздерім темір қаламмен тасқа қашалып,
Қорғасынмен толтырылып, мәңгіге қалса екен!
25 Себебі мен құнымды өтеп алушының+ тірі екенін білемін,
Ол менен кейін келіп, жердің* үстінде тұрады.
26 Терім осылай құрып кеткеннен кейін де,
Осы тәніммен Құдайды көретін боламын.
27 Мен оны көремін,
Басқаның көзі емес, оны өз көзім көреді+.
Жан дүнием* болса тебіреніп тұр!
28 Сендер: —Біз оны қалай қудалап жатырмыз+?— деп,
Бар кілтипан менде жатқандай көресіңдер.