Зәбүр
Ән-күй жетекшісіне. Едутун*. Асаптың+ жыры.
77 Құдайға дауыстап жалбарынамын,
Құдайыма жалынамын, ол маған құлақ түреді+.
2 Қиналған шақтарымда мен Ехобаны іздедім+,
Түнде көкке қолымды жайып, үздіксіз сиындым.
Жаным еш жұбана алмайды.
4 Сен маған кірпік қақтырмадың,
Қатты абыржып, сөйлей де алмадым.
5 Мен ежелгі заман жөнінде,
Алыстағы жылдар жөнінде ойланамын+.
7 Ехобаның бізді мәңгіге тастап кеткені ме+?
Енді қайтып бізге ықыласын түсірмей ме+?
8 Айнымас сүйіспеншілігінің мәңгіге құрып кеткені ме?
Оның уәдесі мәңгі бақи жүзеге аспай қала ма?
9 Құдайдың ықылас танытуды ұмытқаны ма+?
Әлде мейірімін қаһарының басып тастағаны ма? (Села)
10 “Мені мазалайтын мынау+ —
Құдай Тағала бізді қолдауын қойды”,— дей бермекпін бе?
13 Уа, Құдай, сенің жолдарың қасиетті.
Өзіңдей ұлы құдай бар ма, уа, Құдай+?
14 Сен керемет істер жасайтын шынайы Құдайсың+.
Күш-қуатыңды адамдарға паш еттің+.
15 Құдіретті күшіңмен өз халқыңды,
Жақып пен Жүсіптің ұлдарының құнын өтеп алдың+. (Села)
18 Күркіріңнің даусы+ соғыс арбасының дөңгелектеріндей сатырлады.