Зәбүр
3 Иелердің Иесіне алғыс айтыңдар,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
5 Ол көкті даналықпен жаратты+,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
6 Жерді сулардың үстіне жайып жіберді+,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
7 Аспанда үлкен шырақтар жаратты+,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
8 Күндіз билік жүргізетін күнді жаратты+,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
9 Түнде билік жүргізетін ай мен жұлдыздарды жаратты+,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
10 Мысырлықтардың тұңғыштарын мерт қылды+,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
11 Мысырдан Исраилді алып шықты+,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
12 Мұны құдіретті де мықты қолымен жүзеге асырды+,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
13 Қызыл теңізді қақ айырды+,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
14 Исраилді теңіз ортасымен алып шықты+,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
16 Өз халқын шөл далада бастап жүрді+,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
17 Ұлы патшалардың көзін құртты+,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
18 Күшті патшалардың көзін жойды,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
19 Амор патшасы Сихонды құртты+,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
20 Башан патшасы Огты жойды+,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
21 Олардың жерлерін мұралы иелікке берді+,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
22 Қызметшісі Исраилдің меншігі етті,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
24 Жауларымыздан құтқаруды доғармады+,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
25 Ол тіршілік иелерінің бәрін тамақтандырады+,
Өйткені оның айнымас сүйіспеншілігі мәңгі.
26 Көктегі Құдайға алғыс айтыңдар,