Шежірелер 2-жазба
6 Сонда Сүлеймен: “Ехоба, қара бұлт ішінде мекендейтініңді өзің айтқан едің+. 2 Міне, мен саған арнап салтанатты үй, өзің мәңгі тұратын мызғымайтын тұрақ салдым+”,— деді.
3 Сосын патша халыққа бұрылып, алдында тұрған күллі Исраил қауымына батасын берді+. 4 Ол былай деді: “Әкем Дәуітке өз аузымен уәде беріп, оны өз қолымен орындаған Исраилдің Құдайы Ехоба мадақталсын! 5 Ол: —Халқым Исраилді Мысырдан алып шыққан күннен бастап өз есімім+ орнығу үшін киелі үй салынсын деп, Исраил руларының ешбір қаласын таңдаған жоқпын. Халқым Исраилді басқаруға да ешкімді таңдамаған едім. 6 Бірақ енді есімім сонда орнықсын деп Иерусалимді+, ал халқым Исраилді басқаруға Дәуітті таңдадым+,— деген еді. 7 Әкем Дәуіт Исраилдің Құдайы Ехобаның есіміне арнап киелі үй салуды бар жүрегімен қалады+. 8 Ал Ехоба оған: —Менің есіміме арнап үй салуды бар жүрегіңмен қалайды екенсің. Мұның өте жақсы. 9 Бірақ оны салатын адам — сен емессің. Менің есіміме арналған үйді сенің бел балаң салады+,— деді. 10 Ехоба осы сөздерін жүзеге асырды: мен әкем Дәуіттің орнын басып, Ехобаның уәдесіне сай+, Исраилдің тағына отырдым+; Исраилдің Құдайы Ехобаның есіміне арнап үй салдым; 11 оның ішіне келісім сандығын қойдым. Ал сандықта Ехобаның Исраил халқымен жасасқан келісімі жазылған екі тақташа+ сақтаулы тұр”.
12 Бұдан кейін Сүлеймен Ехобаның құрбандық ошағының алдына келіп тұрды да, күллі Исраил қауымының көз алдында қолын жайды+. 13 (Сүлеймен ұзындығы мен ені бес, ал биіктігі үш шынтақ* мыс мінбе жасап, оны ауланың+ ортасына қойған еді; патша сол мінбеде тұрды.) Сүлеймен күллі Исраил қауымының алдында тізерлеп тұрды да, қолын көкке қарай жайып+, 14 былай деді: “Уа, Исраилдің Құдайы Ехоба, жер мен көкте саған тең келер құдай жоқ! Сен келісіміңе адалсың, әрі өзіңе бар жүрегімен қызмет етіп жүргендерге айнымас сүйіспеншілік танытасың+. 15 Сен өз қызметшің — менің әкем Дәуітке берген уәдеңнен таймадың+. Өз аузыңмен уәде еткен едің, бүгін соны өз қолыңмен жүзеге асырдың+. 16 Ал енді, Исраилдің Құдайы Ехоба, қызметшің Дәуітке “Егер ұлдарың алдымда сен сияқты, басқан қадамдарына мұқият болып жүрсе, онда Исраил тағында әрдайым сенің ұрпағың отыратын болады”+ деп берген уәдеңді орындай көр+. 17 Уа, Исраилдің Құдайы Ехоба, енді өз қызметшің Дәуітке берген уәдеңді жүзеге асыра көрші.
18 Бірақ Құдай шынымен-ақ жер бетінде адамдармен бірге тұратын ба еді+? Сені көктің өзі, тіпті көктердің көгі сыйғыза алмағанда+, мен салған мына үй қалай сыйғызсын+?! 19 Уа, Құдайым Ехоба, қызметшіңнің дұғасы мен ықыласыңды түсіруді сұраған өтінішіне құлақ асып, алдыңда тұрып жалбарынған үні мен мінажатын ести көр. 20 “Менің есімім сол жерде болады”+ деген сөзіңе сай, күндіз-түні осы үйге көз қырыңды салып, қызметшіңнің осы жерге қарап айтқан дұғасына құлақ ассаң екен. 21 Қызметшің мен халқың Исраил жүздерін осы жерге бұрып, көмек сұрап өтінгенде, назар салғайсың+. Көктегі тұрағыңнан естігейсің+. Иә, бізге құлақ салып, кешіре көр+.
22 Егер біреу өзгеге қарсы күнә жасап қойғандықтан ант берсе*, әрі берген антын орындауға тура келсе, содан антпен байланған ол осы үйдегі құрбандық ошағыңның алдына келсе+, 23 көктен құлақ асып, қызметшілеріңе төрелік етші: зұлымның ісін өз басына келтіре көр+, ал әділді кінәсіз деп тауып, әділдігіне сай қарымтасын бере көр+.
24 Халқың Исраил саған қарсы күнә жасай бергендіктен жауларынан жеңіліп қалғанда+, өзіңе қайта оралып, есіміңді мадақтаса+, әрі алдыңда тұрып, осы үйде өзіңе дұға етіп+, ықыласыңды түсіруді жалбарына сұраса+, 25 оларды көктен естігейсің+. Күнәларын кешіріп, халқың Исраилді өзің соларға және ата-бабаларына сыйлаған жерге қайтарғайсың+.
26 Халқың саған қарсы күнә жасай бергендіктен+, жаңбыр жауғызбай аспанды жауып қойғаныңда+, олар осы жерге қарап дұға етіп, есіміңді мадақтаса, әрі өзің жуасытқандықтан, күнә жасауды доғарса+, 27 көктен оларға құлақ аса көр. Қызметшілеріңнің, халқың Исраилдің, күнәларын кешіріп, жүрулері тиіс ақ жолмен қалай жүруді өзің үйрете көр+; мұралы иелік ретінде өз халқыңа берген жеріңе жаңбыр жауғыза көр+.
28 Осы жер қандай пәлеге ұшырап, қандай ауруға шалдықпасын+ — мейлі, аштық+ не індет+ жайласын, аптап жел тұрсын, егін көгеріп шірісін+, көшпелі шегіртке не обыр шегіртке басып кетсін+, қалалары жау қоршауында қалсын+ — 29 әлдекім не күллі Исраил халқы қандай да бір мәселемен саған дұға етсе+ яки ықыласыңды түсіруді өтініп+ (себебі әркімнің өз бақытсыздығы мен азабы өзіне аян+), осы үйге қарай қолын жайса+, 30 оларды көктен, өз тұрағыңнан+, ести көр. Оларды кешіре көр+, әрқайсысына ісіне сай қарымтасын қайтара көр, өйткені сен олардың жүректерінде не барын білесің (әр адамның жүрегінде не бары өзіңе ғана аян ғой+). 31 Сонда олар өзің ата-бабамызға берген осы жерде тұрып жатқан кездерінің бәрінде сенің жолдарыңмен жүретін әрі сенен қорқатын болады.
32 Сондай-ақ халқың Исраилге жатпайтын жатжерлік біреу сенің ұлы есімің туралы және көмектесу үшін созып тұрған құдіретті қолың туралы естіп, шалғай жерден келсе+, әрі осы үйге қарап дұға етсе+, 33 көктен, өз тұрағыңнан, жатжерлік кісіні естіп, тілектерінің бәрін орындай көр. Сонда жержүзіндегі күллі халықтар сенің есіміңді біліп+, өз халқың Исраил сияқты сенен қорқатын болады және мен соққан мына үйдің сенің есіміңмен аталатынын білетін болады.
34 Халқың өзің жіберген жолмен дұшпандарымен соғысуға аттанғанда+, өзің таңдап алған қалаға және мен сенің есіміңе арнап соққан осы үйге қарап өзіңе сиынса+, 35 көктен олардың дұғалары мен ықыласыңды түсіруді сұраған өтініштерін естіп, әділдік орната көр+.
36 Олар саған қарсы күнә жасағандықтан (өйткені күнә жасамайтын адам жоқ+), сен қаһарланып, оларды жау қолына бергеніңде, жау оларды алыс не жақын бір елге тұтқынға әкетсе+, 37 олар сол елде жүріп естерін жиып, өзіңе бет бұрып: —Біз күнәға баттық, қателесіп, зұлым істер жасадық,— деп, ықыласыңды түсіруді сұрап жалбарынса+ 38 және тұтқында жүрген елде+ саған бар жүректерімен+, бар жан-тәндерімен бет бұрып, өзің ата-бабаларына берген жерге және өзің таңдап алған қалаға, сондай-ақ мен сенің есіміңе арнап соққан осы үйге қарап дұға етсе+, 39 көктен, өз тұрағыңнан, олардың дұғалары мен ықыласыңды түсіруді сұраған өтініштерін естіп, әділдік орната көр+. Саған қарсы жасаған күнәлары мен барлық қылмыстарын кешіре көр.
40 Ал енді, уа, Құдайым, осы жерде дұға айтылғанда, көз қырыңды салып, құлақ түре көрші+! 41 Уа, Ехоба Құдай, енді тұрағыңа+ көтерілші, күшіңді бейнелейтін сандығың да сонда болсыншы. Уа, Ехоба Құдай, лайым діни қызметкерлерің құтқарылудың сенен келетінін паш етсін, лайым адал қызметшілерің ізгілігіңе қуансын+. 42 Уа, Ехоба Құдай, майланғаныңнан бас тарта көрме+. Қызметшің Дәуітке деген айнымас сүйіспеншілігіңді ұмыта көрме+”.