Мұсаның 5-жазбасы
30 Осы сөздердің бәрі — мен бүгін сендерге айтқан баталар мен қарғыстар+ — орындалғанда және Ехоба Құдайларың сендерді бытыратып жіберген+ халықтар арасында тұрып жатып, осыларды еске алғандарыңда+, 2 сондай-ақ өздерің де, ұлдарың да Ехоба Құдайларыңа бет бұрып+, бүгін мен арқылы бұйырып отырғандарының бәрін бар жүректеріңмен, бүкіл жан-тәндеріңмен орындағанда+, 3 Ехоба Құдайларың сендерді тұтқында жүрген жерлеріңнен қайтарып+, рақымын түсіреді+. Өзі бытыратып жіберген халықтардың арасынан сендерді Ехоба Құдайларың қайтадан жинап алады+. 4 Тіпті жердің түкпір-түкпіріне тарап кеткен болсаңдар да, Ехоба Құдайларың сол жерден қайтарып, бастарыңды қосады+. 5 Ехоба Құдайларың сендерді ата-бабаларыңның жеріне әкеледі, сөйтіп, оны өздерің иемденесіңдер. Ол сендерді көркейтіп, ата-бабаларыңнан да көп етеді+. 6 Ехоба Құдайларың өздеріңнің де, ұрпақтарыңның да жүрегін тазартады+, сонда Ехоба Құдайларыңды бар жүректеріңмен, бүкіл жан-тәндеріңмен жақсы көріп, ұзақ ғұмыр кешесіңдер+. 7 Ал осы қарғыстардың бәрін Ехоба Құдайларың сендерді жек көріп, қудалаған жауларыңның басына келтіреді+.
8 Сонда сендер қайтадан Ехобаның айтқандарына құлақ асып, бүгін мен бұйырып отырған заңдарының бәрін орындайтын боласыңдар. 9 Ехоба Құдайларың қолға алған істеріңнің бәрін молынан жарылқап+, бала-шағаларың мен отар-табындарыңды көбейтеді, жерлеріңнің өнімін де ағыл-тегіл мол етеді. Ехоба сендерді де, ата-бабаларың сияқты, көркейтуге қайтадан қуанышты болады+. 10 Өйткені сендер Ехоба Құдайларыңа бар жүректеріңмен, бүкіл жан-тәндеріңмен бет бұрып, Ехоба Құдайларыңның айтқанына құлақ асып, осы Заң кітабында жазылған заңдары мен нұсқауларын орындайсыңдар+.
11 Мен сендерге бұйырып отырған осы Заңды орындау тым қиын емес, ол қол жетпестей алыста да емес+. 12 “Тыңдап, орындауымыз үшін, көкке барып, оны бізге кім алып келеді?”+ дейтіндей, көкте емес. 13 “Тыңдап, орындауымыз үшін, теңіздің арғы жағына өтіп, оны бізге кім алып келеді?” дейтіндей, теңіздің арғы бетінде де емес. 14 Заңның сөзі сендерге өте жақын жерде: ауыздарыңда және жүректеріңде+. Сондықтан оны орындай аласыңдар+.
15 Міне, мен бүгін сендерге екі жолды ұсынып тұрмын+: бірі өмір мен жақсылыққа, ал екіншісі өлім мен жамандыққа апарады. 16 Егер Ехоба Құдайларыңның бүгін мен арқылы бұйырып отырған заңдарына құлақ ассаңдар, Ехоба Құдайларыңды сүйіп+, оның жолдарымен жүрсеңдер және оның бұйрықтарын, нұсқаулары мен шешімдерін ұстансаңдар, онда ұзақ өмір сүріп+, өсіп-өніп көбейесіңдер, иемденгелі жатқан жерде Ехоба Құдайларың сендерге батасын береді+.
17 Ал егер көңілдерің басқа жаққа ауып+, құлақ аспасаңдар, сондай-ақ азғырылып, бөтен тәңірлерге бас иіп, құлшылық етсеңдер+, 18 онда сендерге бүгін ескертіп қояйын, міндетті түрде құрисыңдар+. Иорданнан өтіп, иемдену үшін бара жатқан елде ұзақ тұрмайсыңдар. 19 Бүгін көк пен жерді* куәлікке шақырып, сендерге өмір мен өлім, бата мен қарғыс ұсынып тұрмын+. Өздерің де, ұрпақтарың да+ ұзақ ғұмыр кешу үшін, өмірді таңдаңдар+. 20 Ехоба Құдайларыңды сүйіп+, айтқандарына құлақ асып, оған адал болып жүріңдер+. Сонда Ехоба сендерге өмір сыйлап, ата-бабаларың Ыбырайым, Ысқақ пен Жақыпқа уәде еткен жерде+ ұзақ ғұмыр кешесіңдер”.