Әйүп
39 Тауешкілер лақтайтын мезгілді білесің бе+?
Марал төлдегенде бақылап тұрғансың ба+?
2 Олардың айы-күні жететін кезді есептегенсің бе?
Қай мезетте туатынын білесің бе?
3 Олар жер бауырлап төлдейді де,
Толғақ азабы бітеді.
4 Ал төлдері ашық далада өсіп, күшейеді;
Енелерінен ажырайды да, оларға қайта келмейді.
6 Мен оған шөл даланы тұрақ,
Соры шыққан жерді мекен етіп бердім.
7 Ол қаланың шуынан тым алшақ,
Мал айдаушының айқайын да естімейді.
8 Жайылым қарап, қыраттарды шарлайды,
Азық болатын көк өсімдік іздейді.
10 Оны жүгендеп, атыз тартқызып қоя аласың ба?
Артыңнан еріп, танабыңды тырмалай ма?
11 Оның дүлей күшіне сеніп,
Ауыр жұмысыңды істетіп қоясың ба?
12 Ол астығыңды жинап әкеп,
Қырманыңа үйіп береді деп үміттенесің бе?
14 Ол жұмыртқаларын жерге тастап кетіп,
Топырақта жылы сақтайды.
15 Оларды біреу таптап кетеді деп
Немесе жабайы аң басып кетеді деп ойламайды.
17 Себебі Құдай оған даналық дарытпаған,
Түсініктен де құралақан қалдырған.
18 Бірақ қанатын қағып шабатын болса,
Тұлпар мен шабандозды күлкіге қалдырады.
19 Тұлпарға күш-қуат берген+,
Желкесіне желбіреген жал бітірген сенсің бе?
20 Оны шегірткедей секірте аласың ба?
Оның айбарлана кісінегені үрей тудырады+.
23 Шабандоздың қорамсағы сатырлап мойнына тиеді,
Найзасы мен сүңгісі жалтырайды.
25 Керней үнін естігенде, қуана кісінейді,
Шайқас иісін алыстан сезіп,
Қолбасшылар даусы мен соғыс айқайына құлағын тіктейді+.
26 Сұңқар сенің түсінігіңнің арқасында оңтүстік желіне қанатын жайып,
Әуеде қалықтай ма?
28 Оған құз басында түнеп,
Берік жартасты мекен етуді бұйырған сен бе едің?