Зәбүр
Дәуіттің дұғасы.
2 Жанымды күзетіп жүрші, себебі мен өзіңе адалмын+.
Өзіңе сенім артатын қызметшіңді аман сақташы,
Өйткені сен менің Құдайымсың+.
4 Қызметшіңнің жанын жадыратшы,
Өйткені өзімді саған бағыштадым, уа, Ехоба.
5 Уа, Ехоба, сен ізгі+ әрі кешіруге дайынсың+,
Өзіңе арқа сүйейтіндердің ешқайсысынан айнымас сүйіспеншілігіңді аямайсың+.
9 Өзің жаратқан халықтардың бәрі
Алдыңа келіп, тағзым етеді, уа, Ехоба+,
Олар сенің есіміңді дәріптейді+.
11 Уа, Ехоба, мені өз жолыңа бағытташы+.
Шындық жолыңда жүрейін+.
Жүрегімді біртұтас етші, есіміңді қастерлейін+.
13 Өйткені маған деген айнымас сүйіспеншілігің ұлан-ғайыр,
14 О, Құдай, маған қарсы менмендер бас көтерді+,
Қатыгездер тобыры жанымды алғалы жүр,
Олар сені құрметтеу дегенді білмейді+.
15 Бірақ сен, уа, Ехоба, мейірімді де жанашыр,
Ашулануға асықпайтын, айнымас сүйіспеншілігі мен адалдығы* мол Құдайсың+.
16 Маған жүзіңді бұрып, ықыласыңды түсірші+.
Қызметшіңе өз күшіңнен күш дарытшы+,
Күңіңнің ұлын аман сақташы.
17 Маған ізгілігіңнің нышанын көрсетші,
Мұны көрген жауларым ұятқа қалсын.
Өйткені, уа, Ехоба, сен менің көмекшім әрі жұбатушымсың.