Нағұм
2 Бытыратып жіберетін біреу саған* қарсы аттанды+.
Бекіністеріңді қорға, жолыңды қарауылда.
Беліңді бекем буып, бар күш-қайратыңды жина.
2 Ехоба Жақыптың салтанатымен қоса,
Исраилдің де салтанатын қайтарады.
Өйткені ойрандаушылар оларды ойрандап+,
Өскіндерін құртып кеткен еді.
3 Оның мықты жауынгерлерінің қалқаны қызылға боялған,
Сарбаздары қанық қызғылт киім киген.
Соғыс арбаларының темір жабдықтары оттай жарқылдап,
Аршадан жасалған найзаларын оңды-солды сілтеп,
Ол шайқас күніне дайын тұр.
4 Соғыс арбалары көшелермен зымырап,
Көпшілік алаңдармен әрлі-берлі жүйткиді.
Олар алаудай жалындап, найзағайдай жарқылдайды.
5 Патша мықты жауынгерлерін жинайды.
Олар алға жылжып бара жатып, сүрінеді.
Қала қабырғасына қарай асығады,
Жолға бөгеттер орнатады.
6 Өзендердің қақпалары ашылады,
Патша сарайы опырылып құлайды.
7 Жарлық шығып қойған. Қала ашық-шашық қалды,
Оның халқы тұтқынға әкетілді, күң қыздары зарлайды,
Олар көгершіндей күңіреніп, көкіректерін ұрғылап қайғырады.
“Тоқтаңдар! Тоқтаңдар!” деген дауыс шықса да,
Ешкім кері бұрылып қарамайды+.
9 Күмісті тонаңдар, алтынды олжалаңдар!
Оның қазына-байлығы таусылар емес,
Небір қымбат заттар онда толып жатыр.
10 Қала ел-жұртсыз, қаңырап, қирап жатыр+!
Адамдардың жүректері ұшып, тізелері бүгіліп, жамбастары қалт-құлт етеді.
Абыржығаннан бәрінің жүзі қып-қызыл.
11 Арыстандардың+ апаны, жас арыстандардың азығы қайда?
Ешкімнен қаймықпайтын арыстан күшіктерін жетелеп қайда шығады?
12 Арыстан өз күшіктерін тойғызу үшін жемтігін паршалап,
Ана арыстан үшін жемтігін тұншықтырушы еді.
Апанына ол азығын үйіп-төгіп,
Жататын жерін паршаланған аңдарға толтырушы еді.
13 “Міне, мен саған қарсы шығамын,— дейді Әскербасы Ехоба+.
—Соғыс арбаларыңды өртеп, көк түтін етемін+,
Жас арыстандарыңды семсер жалмайды.
Сені жер бетінде аң ауламайтын етемін,
Бұдан былай хабаршыларыңның даусы шықпайды+”.