Титке
1 Құдайдың құлы және Иса Мәсіхтің елшісі әрі Құдай таңдап алғандардың сеніміне және шындық жайлы тура білімге ие Пауылдың хаты. Бұл шындық Құдайға шын берілгендікпен үйлесімділікте 2 әрі мәңгілік өмірге+ деген үмітке негізделген. Ал бұл өмірді өтірік айта алмайтын Құдай+ ұзақ уақыт бұрын уәде еткен. 3 Ол өзі белгілеген уақыт жеткенде, уағыздау ісі арқылы сөзін мәлім етті. Құтқарушымыз Құдайдың бұйрығы бойынша осы іс маған тапсырылды+. 4 Бұл хатты бір сенімдегі шынайы балам Титке жазып отырмын.
Құдай Әкеміз және Құтқарушымыз Мәсіх Иса саған рақымы мен тыныштығын сыйласын!
5 Мен сені Критте сондағы олқылықтарды түзетсін, қалаларда ақсақалдар тағайындасын деп қалдырдым. Менің мына нұсқауларымды ұстан: 6 ақсақал етіп еш айыбы жоқ әрі бір ғана әйелге үйленген кісіні тағайында. Ал балалары жүгенсіз, бетімен кеткен емес, сенуші болсын+. 7 Бақылаушы Құдай тағайындаған басқарушы ретінде еш айыбы жоқ болуы тиіс. Ол өз дегенін істететін+, қызба+, маскүнем, қатыгез болмауы, сондай-ақ ашкөздікпен арам олжа іздемеуі керек. 8 Қайта, қонақжай+, ізгілік атаулыны жақсы көретін, есті+, әділ әрі адал+, ұстамды+ болуы тиіс. 9 Ол дұрыс ілім+ арқылы жігерлендіре алу үшін* және осы ілімге қайшы сөйлейтіндерді әшкерелей+ алу үшін тәлім бергенде, шынайы сөздерден ауытқымау керек+.
10 Өйткені бүлікшіл, мылжың, алдампаз адамдар көп, әсіресе сүндеттелу дәстүрін ұстанушылар+ арасында. 11 Мұндайлардың аузын жабу керек. Өйткені олар арам пайда үшін үйретпеу керек нәрселерді үйретіп, кейбір отбасыларын түгелдей сенімнен айырып жүр. 12 Өз араларынан шыққан бір пайғамбар: “Криттіктер — барып тұрған өтірікшілер, қауіпті жабайы аңдар, жатыпішер мешкейлер”,— деген.
13 Бұл — шындық. Сондықтан оларға қатаң ескерту жасаудан талма. Сонда сенімдері берік болып, 14 яһудилердің аңыз әңгімелері мен шындықтан тайған адамдардың өсиеттеріне ден қоймайтын болады. 15 Таза адамдар үшін бәрі де таза+. Ал арамдалған, сенімі жоқ адамдар үшін еш нәрсе де таза емес, өйткені олардың саналары да, ар-ұждандары да арамдалған+. 16 Олар жұрттың көзінше Құдайды білеміз дегендерімен, іс-әрекеттерімен одан бас тартады+. Себебі олар жексұрын, тілазар әрі ешқандай игі іс жасауға жарамсыз адамдар.